BY: admin

Все статьи / Новости

Comments: Комментариев нет

Зейін — белгілі бір объектіні қабылдаудың таңдамалы бағыты, кез-келген деректерді алу үшін объектіге деген қызығушылықтың артуы.

Зейін түрлері

Еріксіз зейін дегенімізсыртқы себептерден туындаған зейін, яғни белгілі бір уақытта адамға әсер ететін объектілердің түрлі ерекшеліктері. Ол ерекшеліктерге тітіркенудің қарқындылығы, объектінің жаңа, ерекше әрі қарқынды болуын жатқызуға болады. Мысал: Сіз сабаққа дайындалып жатырсыз, сіздің досыңыз кіріп, Сізді шақырады (сыртқы себептер — дыбыс және визуалды сурет).

Тітіркенудің қарқындылығы өзіне зейін аудартушы объектінің күштірек әсер етуінде (мысалы, күшті дыбыс, жарқынрақ көрініс).

Ерікті зейін дегеніміз адамның белгілі бір әрекетті жақсы орындауға бағытталған саналы түрде тырысуының нәтижесінде пайда болатын зейін. Ол мақсаттылықпен, жинақылықпен, жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Ерікті зейін саналы түрде өзін-өзі басқаруды талап етеді және барынша тырысу сезімімен бірге жүреді. Ол ынталандыру дәрежесіне, парызға және т.б. байланысты болады. Мысал:  Сіз әлдебір ұйымға барғанда маңызды құжаттарды толтыру барысында алаңдамауға және барлық өрістерді дұрыс толтыруға тырысасыз.

Егер жүзеге асырылатын әрекетке қызығушылық туындайтын болса және тұрақты зейінді сақтау үздіксіз жігерлі ынтаны қажет етпейтін болса, ерікті зейін еріктіден кейінгі зейінге айналуы мүмкін.

Мысал: Сіз ерік жігерімен қозғалыстың жаңа түрін игердіңіз, оған бар зейініңізді қойдыңыз. Қозғалысты тәжірибеде қолдана бастадыңыз, сол әрекетіңізден ләззат ала бастадыңыз. Бұл қызығушылық енді уақыт өте жоғалмайды.

Зейін ерекшеліктері

1. Көлем адамның зейін қою аймағына бір сәтте сыйятын объектілер санын көрсетеді.

Зейін мөлшері зейін қоюға кері пропорционалды: яғни, зейін қою неғұрлым жоғары болса, оның мөлшері соғұрлым аз болады.

Мысал: 1-жаттығу (төменде).

2. Үлестіру, яғни бір сәтте бірнеше объектіге зеін қоя алу қабілеті. Бұл жағдайда зейіннің бірнеше нысандары қалыптасады, яғни нысадарының ешқайсысын зейін қою аймағынан жоғалтпай бірнеше әрекет орындауға немесе бірнеше әрекеттің орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Мысал: Спортта сіз қарсыласыңыз бен ұшқан допты бір уақытта қадағалап отыруыңыз керек.

3. Тұрақтылық. Ұзақ уақыт бойы жоғары дәрежелі зейін қою қасиеті мен зейіннің қарқындылығын сақтау мүмкіндігі. Зейіннің тұрақтылығы кіріс тітіркендіргіштердің жаңалығымен ғана емес, олардың қайталануынан да қолдау табады.

Зейіннің тұрақтылығы оның ұзақ уақыт бойы белгілі бір объектіден көз алмауынан және алаңдаушылыққа қарсы тұруынан көрінеді.

4. Зейіннің ауысуы дегеніміз қызметтің бір түрінен екіншісіне азды-көпті жеңіл әрі тез ауысу мүмкіндігі.

5. Шоғырлану. Бұл сананың белгілі бір объектіге шоғырлану дәрежесінің көрсеткіші, онымен байланысының қарқындылығы. Зейіннің шоғырлануы адамның барлық психологиялық іс-әрекетінің уақытша бір орталығы (фокусы) қалыптасқандығын білдіреді.

Мысал: жаттықтырушы жаңа амалды түсіндірген кезде, спортшы айналасындағы шу мен абырсабырға қарамастан жаттықтырушының сөзіне немесе іс-әрекетіне зейін қояды.

Зейін үлгілері

Іс-әрекеттің мазмұнына байланысты зейін сыртқы (қозғалыстық) және ішкі (зияткерлік) болып бөлінеді. Әрине, зейінді сыртқы және ішкі деп бөлу шартты.

Сыртқы зейін қоршаған болмыстың заттары мен құбылыстарын бақылауда және олардың адам санасында бейнеленуінде жетекші рөл атқарады.

Ол сезім мүшелерінің қабылдау және бақылау объектісіне бағытталуы мен оларға қойылған белсенді нұсқаулардан, дененің белсенді мүшелеріне — қолдарға, аяқтарға, олардың бұлшықетін ширатуына зейін қоюынан байқалады. Сыртқы зейін (сезімдік, қозғалыстық) көздің, бастың, бет әлпетінің, бет қимылы мен пантомимикалық қимылдардың ерекше қозғалыстарында, белгілі бір еңбектегі, оқудағы, спорттағы тапсырмаларды орындауға бағытталған ерекше дайындықта айқын көрінеді.

Сыртқы ортада, еңбектегі және спорттағы іс-әрекеттердей,  күтілетін заттар мен құбылыстарға зейін шоғырландыру, яғни әрекеттер мен қозғалыстарға арналған белгілер болады.

Ішкі, немесе зияткерлік зейін психикалық үдерістердің әрекеттерін (қабылдау, есте сақтау, елестету, ойлау), психикалық мүшелер мен күйзелістерді талдауға бағытталған. Мысалы, ол мәселелерді ойда шешуде,  еске түсіруде, ойға батуда айқын көрінеді.

Ішкі, психикалық әрекетке зейінді шоғырландыру қабілетінің тәжірибелік маңызы зор.

Эмоционалды зейін жадымен тығыз байланысты, ол оқиғаны немесе әрекетті есте сақтау және оған күйзелу үшін маңызды. Эмоционалды зейін белгілі бір нәрсеге күйзелуді бағытталған әрі саналы етеді.

Зейіннің жоғарыда аталған қасиеттерін жаттықтыруға болады.

Келесі жаттығулар арнайы шарттар мен жабдықты қажет етпейді :

1-жаттығу.

Қаламсаптар мен қаламдарды үстелге шашыңыз. Олардың қалай жатқанын суретке түсіріп алыңыз. Енді оларды араластырыңыз да, бастапқы қалпына келтіруге тырысыңыз. Бұл жаттығу зейін шоғырландыруды жақсартады.

2-жаттығу.

Алдыңызға сүйікті суретшіңіз салған сурет туындысын қойыңыз. Суретке мұқият қарап, содан кейін кімнің бейнеленгенін, іс-қимылдың қай жерде өтіп жатқанын, кейіпкерлер денелерінің қалпын қағазға сипаттап жазыңыз.

3-жаттығу.

Терезеден 5-10 секунд мұқият белгілі бір объектіге қараңыз. Содан кейін көзіңізді жұмып, көргеніңізді егжей-тегжейлі есіңізге түсіріңіз. Көздеріңізді ашып, өзіңізді тексеріңдер, ұмытып кеткен нәрселерді ескеріңіз. Есте жақсы сақтау үшін сарапшылар ең жарқын бөлшектерді саналы түрде ерекшелендіріп, көргеніңізді өз-өзіңізге  қайталап айтуға кеңес береді. Бұл әдіс тұтас суретті жадыда сақтауға мүмкіндік береді.

4-жаттығу.

Белгілі бір тақырыпты ойлап тауып, оған зейініңізді шоғырландырыңыз. Мысалы, күні бойы тек жасыл түске немесе жалпы ағыннан белгілі бір  автокөлік үлгісіне назар аударыңыз. Осылайша, сіз зейін шоғырландыруды, таңдамалылықты, бөлуді, ауысуды және қысқа мерзімді есте сақтауды дамытасыз.

Бұл жаттығуларды күнделікті орындасаңыз, зейініңіздің дамуына көп көмегі тиеді.

Материалды дайындаған

психолог М.М.Байгарина

Side bar